Үндістанда бір түнде 81 мың адамнан коронавирус анықталды

/image/2020/10/02/crop-6_9_662x1176_suret.jpg

Үндістанның денсаулық сақтау және отбасылық әл-ауқат министрлігі елде бір түнде 81 мың адамнан коронавирус анықталғанын мәлім етті. Вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 6,39 миллионнан асты. Бұл туралы ria.ru хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, дәрігерлер  5,35 миллионнан астам адамның індетпен күресіп шыққанын айтқан. 942 мыңнан астам адам ауруханаларда емделіп жатыр. Соңғы тәулікте бұл сан 1,5 мыңға азайған. Өлім саны 99 мыңнан асты, соңғы тәулікте 1095 адам қайтыс болды.

Үндістан коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде екінші орында тұр. АҚШ-та коронавирус 7,2 миллион адамнан анықталған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар