Қазақстанның үздік ауыл әкімі анықталды

/image/2020/10/02/crop-112_3_444x592_photo_337251.png

Қазақстанның үздік ауыл әкімі анықталды. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Үздік ауыл әкімі" республикалық байқауы аяқталды.

Үздік ауыл әкімі болып Алматы облысы Іле ауданы Боралдай кентінің әкімі Данияр Қоңырбаев танылды. Ол дауыс беру кезінде ең көп ұпай жинап, 1-жүлделі орынға ие болды. Сондай-ақ өз аймағының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бойынша жобасын сәтті қорғап шықты" делінген хабарламада.

2-орынды 2 әкім иеленді. Олар: Ақмола облысы Целиноград ауданы Мәншүк ауылдық округінің әкімі Ғани Исаев және Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округінің әкімі Қазбек Аққайыр.

3-орынды да 2 әкім иеленді: Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылдық окрігінің әкімі Азамат Медетов және ШҚО Жарма ауданы Шалабай ауылдық окрігінің әкімі Жанар Есембаева.

Сондай-ақ "Үздік әлеуметтік-экономикалық жоба" номинациясы Жамбыл облысы Рысқұлов ауданы Абай ауылдық окрігінің әкімі Мұратбек Арыстамбековке, "Халыққа ашық әкім" номинациясы Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Центральный ауылдық округінің әкімі Самат Мейрмановқа, "Үздік іскер-шаруа әкім"  номинациясы Атырау облысы Исатай ауданы Тұщықұдық ауылдық округінің әкімі Мәди Өтеғалиевке табысталды.  

"Конкурстың мақсаты елдің ауылдық елді мекендеріндегі жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, жергілікті бастамаларды, оның ішінде қоғамдық өзін-өзі басқару ұйымдарын ынталандыру, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізген, ауылдық елді мекендерді дамытуға елеулі үлес қосатын үздік ауыл әкімдерін анықтау және көтермелеу" делінген мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар