Қытаймен арадағы шиеленіс жағдайында Үндістан өзінің әскери күшін нығайту үшін 30 "аңшы-өлтіруші" дрон сатып алып жатыр. Америка қорғаныс ведомстволарының хабарлауынша, АҚШ-та жасалған "MQ-9B Sky Guardian" деп аталатын алты дрон Үндістан қарулы күштеріне жақын арада берілмек.
Олар Үндістанның армиясына, әскери-теңіз күштеріне және әуе күштеріне арналған, ал дрондардың екеуіне шұғыл басымдылық ретінде тапсырыс берілген. Ақпаратқа сәйкес, дрондар алдағы бірнеше ай ішінде орналастырылатын болады. "2.32 миллиард фунт стерлингтің қалған бөлігі алдағы бірнеше жыл ішінде сатып алынады және үш әскери қызмет арасында тең бөлінеді" деп жазады ұлыбританиялық "Дейли Экспресс" басылымы.
Нью-Делидің қауіпсіздік күштерінен келген ақпарат бойынша, бұл Үндістанның шекаралас аймағында болуы мүмкін ең нашар сценарийге дайындалу үшін жасалып жатыр. Үнді билігі қару-жарақ пен әскери техниканы шұғыл сатып алу арқылы қарулы күштерін "арттырып жатқаны" хабарланған.
Сарапшылар "MQ-9B" дронының ең жоғары биіктігі 40 000 футқа жететінін және 40 сағаттық төзімділікке ие екенін айтты.
"Жер үсті зымырандары және лазермен басқарылатын бомбаларын қоса алғанда, дрондардың пайдалы жүктемесі 2,5 тоннаға дейін жетеді" деп жазады британиялық БАҚ.
Пікір қалдыру