БАҚ: Трамптың жағдайы нашарлап жатыр

/image/2020/10/03/crop-29_0_339x602_picture2_u-belogo-doma-v-s_371526_p0.jpg

Коронавирус жұқтырған АҚШ президенті Дональд Трамптың жағдайы нашарлап, организмінде жөтел мен қызу белгілері пайда болған, деп хабарлады Vanity Fair басылымы.

Мақала авторының айтуынша, бұл ақпаратты оған "Ақ үймен тығыз байланыста" жүрген екі республикашыл хабарлаған.

"Меланияға келетін болсақ, оның бойында ауру белгілері жоқ дейді" деп жазды журналист өз мақаласында.

Республикалық партия мүшелерінің бірі мойындағандай, президент әкімшілігі 74 жастағы Трамптың денсаулығына алаңдаулы.

Еске салсақ, 2 қазан күні таңертең америкалық көшбасшы өзінің әйелі Мелания екеуі COVID-19 ауруын жұқтырғаны хабарланған еді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Трамп пен әйеліне коронавирустан сауығып кетуін тіледі.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар