Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жандарбек Бекшиннің 2020 жылғы 4 қазандағы №62 қаулысына сәйкес, ертеңнен бастап (6-қазаннан) Алматыдағы театрлардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Алайда залдағы арақашықтықты сақтай отырып, орын санының жартысын ғана қамтуға болады. Оның өзінде көрермен алдымен infokazakhstan.kz сайтында тіркелуі шарт. Ал мәдени объектілердің қызметкерлері үздіксіз желдетуді қамтамасыз етуге міндетті.
Сонымен қатар, мегаполисте техникалық қызмет көрсету станциялары, автокөлік жуу орындары, аяқ киім дүкендері, химиялық тазартқыштар мен тұрмыстық техниканы жөндейтін компаниялардың жұмыс уақыты ұзартылды. Енді олар таңғы сағат 10-нан түн ортасына дейін қызмет көрсете алады.
Оған қоса, ұжымдық іс-шаралар (той) өткізілмеген жағдайда тамақтандыру пункттерінің жұмысына рұқсат етілді.
Карантин режимінің жеңілдетілгеніне қарамастан бұрынғы талаптар сақталады. Атап айтқанда, дене қызуы жоғарылаған адамдардың оқшаулануын қамтамасыз ету керек. Әуекомпанияларының басшыларына және Алматы халықаралық әуежайының әкімшілігіне ауруханаға карантинге жатқызылатын адамдардың қонуын және олардың бөлімшелерінде санитарлық нормалардың сақталуын қамтамасыз ету жүктелген.
Пікір қалдыру