Тұңғыш рет дзюдодан қандасымыз әлем чемпионы атанды

/uploads/thumbnail/20170708193017692_small.png

2015 жылы дзюдодан Астанада өтіп жатқан  әлем чемпионатында  60 келі салмақта тұңғыш қазақ ұлтының ұланы әлем чемпионы атанды.  Бұл туралы «Қамшы» порталы «Қазақстан» арнасына сілтеме жасай отырып  хабарлайды.

Елордадағы дзюдо додасында  60 келі салмақта Елдос Сметов әлем чемпионы атанып, Қазақстан дзюдосы тарихындағы екінші алтын медальді иеленді.  Айта кетейік, биылғы Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатын кезінде  2016 жылғы олимпиада ойындарының жолдамасына негізгі ұпайлар таратылуда.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қазақстандық  дзюдошы Максим Раков әлем чемпионы атанса, енді қазақ Елдос Сметов Қазақстан қоржынына тағы бір алтын медельді әкеліп, тарихқа атын алтын әріппен жазды. Астанадағы дзюдодан әлем чемпионының  тарихында финалдық кезеңге қос қазақстандық – Рустам Ибраев пен Елдос Сметовтар бір салмақ дәрежесінде кездесіп, Елдос Сметов жүлделі болды.  Қазақ дзюдошыларының арасында Максим Раковтан кейін екінші болып алтын медальға ие болу, әлем чемпионы болу үлкен жетістік екенін ескерсек, әлем чемпионатының финалында қос бірдей қазақстандықтың кездесуі тарихта болмаған.

Елдос Сметов,  Дзюдодан әлем чемпионы:

-Бұл чемпионат өз топрағымызда өтіп жатқан соң, өз елімізде, өз жерімізде өзге ұлттың әнұранын шырқатып қойғанды намыс көріп, өзіміздің гимнді орындату алдыға қойған мақсаттарымыздың бірі еді.  Ерекше толқып тұрмын. Жанкүйер болған халыққа рахмет.

 

Нұрзат Тоғжан

 

Қатысты Мақалалар