Әзербайжан мен Ресей президенттері Ильхам Алиев пен Владимир Путин телефон арқылы Таулы Карабақтағы қақтығысты талқылады. Бұл екі көшбасшының аймақтағы соғыс басталғаннан бергі алғашқы әңгімесі, деп хабарлады РИА Новости сайты.
Әңгіме Бакудің бастамасы бойынша өтті.
"Президент Ильхам Алиев Ресей президентін туған күнімен құттықтап, оған Ресейдің дамуы мен өркендеуін және мемлекеттік қызметте жаңа табыстар тіледі" делінген Әзербайжан президентінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Владимир Путин әріптесіне көңіл бөліп, құттықтағаны үшін алғыс айтты.
"Мемлекет басшылары армян-әзербайжан Таулы Қарабах қақтығысының төңірегіндегі жағдайды талқылады. Ильхам Әлиев пен Владимир Путин Әзербайжан-Ресей қатынастарының болашағы туралы пікір алмасты" делінген хабарламада.
Таулы Карабахтағы қақтығыс 27 қыркүйектен бері жалғасып келеді. Екі тарап жанжалдың басталуына бірін-бірі кінәлайды.
Пікір қалдыру