Коронавирус жұқтырған Украинаның экс-президенті Петр Порошенконың жағдайы нашарлады. Бұл туралы оның әйелі Марина Порошенко журналист Янина Соколованың YouTube арнасыны берген сұхбатта хабарлады.
– Оның жағдайы нашар, екі жақты пневмониямен ауырған. Қазір ауруханада емделіп жатыр. Өкінішке қарай, қазір оның қан жағдайы күрт нашарлады. Тіпті дәрігерлер оның денсаулығын бақылау үшін анализ де ала алмай жатыр, – деді Марина Порошенко.
Экс-президенттің коронавирусты жұқтырғаны 25 қыркүйекте белгілі болды. Оның қызы да індеттің ілмегіне ілініпті.
Пікір қалдыру