"Асыл Арна" телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабек Qazaqstan арнасында ашылғаны жатқан "Тәлім Trend" хабарында дін тақырыбы қозғалмайтынын айтты, деп жазады КазТАГ агенттігі.
– Бағдарлама қандайда бір діни тақырыпты қозғамайды. Бағдарлама әлеуметтік мәселелерге, қоғамды мазалаған сауалдарға, отбасы құндылықтарына арналады, – деп жауап берді ол.
Агенттік тілшісі Тазабектен белгілі журналист Дина Елгезектің өзін "сәләфит" деп айыптағанына қатысты пікір білдіруін сұрамақ болған.
Алайда Мұхамеджан Тазабектің көмекшілері сұхбаттың алдында, оның сәләфизм туралы сұрақтарға жауап бермейтінін ескерткен.
Агенттік тілшісі сонда да аталған сұрақты қоймақ болғанда, Асыл Арна директоры айналасындағы адамдардың бірі журналист камерасының жазбасын тоқтатып тастаған.
Пікір қалдыру