Бүгін Қырғызстанның мемлекеттік резиденциясында Жогорку Кенештің кезектен тыс отырысы өтіп, онда премьер-министр лауазымының кандидатурасы қаралады, деп хабарлады Sputnik Kyrgyzstan.
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Жогорку Кенеш үкіметтің құрамын, бағдарламасын және құрылымын бекіткеннен кейін отставкаға кетуге дайын, деп хабарлады премьер-министрлікке кандидат Садыр Жапаров.
Бұл туралы кандидатурасы қарастырылып жатқан ЖК отырысында хабарлады.
– Отырыс алдында мен Жээнбековпен сөйлестім. Ол Үкімет бекітілгеннен кейін отставкаға кетуге дайын екенін айтты, – деді Жапаров.
Жогорку Кенеш кезектен тыс отырыста премьер-министр қызметіне Садыр Жапаровтың кандидатурасын мақұлдады.
Пікір қалдыру