Қырғызстанның жаңа премьер-министрі Садыр Жапаров елдегі кейбір депутаттардың Алматыға қашып кеткенін айтты. Бұл туралы 24kg сайты хабарлады.
Оның айтуынша, 6 қазанға қараған түні болған оқиға революцияға жатпайды.
– Төңкеріс деп президент пен басқа да заңды тұлғалар қашқан кезде билікті басып алуды айтады. Бізде биліктің ауысуы халықтың толқуы арқылы болғанымен, заңды түрде болды. Тек парламент депутаттары ғана қашып кетті, – деді ол Жогорку Кенештің (парламент) кезектен тыс отырысында.
Депутаттар бұл мәлімдемеге наразы болған. Өзіне айтылған ескертулерден кейін Жапаров "олай айтқым келмеді" деді.
– Кешіріңіздер, мен кейбір халық депутаттарының Алматыға қашып кеткенін естідім. Кейбіреулер олардың сол жерде екенін айтады, – деп айтты ол.
Пікір қалдыру