Мәулен Әшімбаев Мұхамеджан Тазабекті қабылдады

/image/2020/10/14/crop-2_296_694x1233_7b858348-1495-462f-9741-e2c86904825c.jpg

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мұхамеджан Тазабекті қабылдады. Бұл туралы "Асыл арна" телерадиокомпаниясының Бас директоры өзінің парақшасында хабарлады. 

М.Тазабек "кездесу барысында асыл құндылықтарымызды дәріптеу, ұлттық кодты сақтау және тәуелсіздігімізді нығайту мәселелеріне қатысты пікір алмасу болғаны" туралы хабарлады. Сондай-ақ жаһандану дәуірінде жас буынның отаншыл, ұлтжанды болып қалыптасуының маңызы зор екені, сондықтан тәлім-тәрбие мәселесінде осыған баса мән беру керектігі айтылған.

Кездесу соңында Мәулен Әшімбаев Мұхамеджан Тазабекті  "егемен елімізде дінаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайтуға, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге және халқымыздың береке-бірлігін арттыруға зор үлес қосып жүргені үшін" деген мәтіндегі алғыс хатпен марапаттаған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар