Forbes журналы құрастырған Қазақстанның ең бай бизнесмендерінің тізіміне тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үш туысы кірді. Олар – оның қызы Динара Құлыбаева, күйеу баласы Тимур Құлыбаев және немересі Нұрәлі Әлиев, деп хабарлады EADaily сайты.
Құлыбаевтар жұбы тізімнің жоғарғы жағында орналасқан, Kaz Minerals PLC компаниясының ірі акционері Владимир Кимнен кейінгі орында тұр. Тимур мен Динара Құлыбаевтар әртараптандырылған бизнеске ие, оның ішінде елдегі ең ірі банк те бар ("Халық банк). Ерлі-зайыптылардың әрқайсысының байлығы 2,9 миллиард долларға бағаланған. Олар тізімдегі екінші және үшінші орындарды иеленіп тұр.
Ұлт көшбасшысының немересі 35 жастағы Нұрәлі Әлиев рейтинг бойынша 19-шы орынға табан тіреді, оның байлығы 269 миллион долларға бағаланды. Әлиев "Capital Holding" инвестициялық ЖШС иеленеді, "Транстелеком" АҚ акционері және директорлар кеңесінің төрағасы, сондай-ақ Darmen Holding және nd Capital венчурлық қорының акционері.
Нұрәлі Әлиев – экс-президенттің тұңғыш қызы Дариға Назарбаеваның және Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі марқұм Рахат Әлиевтің ұлы. Осы жылы Әлиев қасіретті трагедияны бастан өткерді, оның інісі Айсұлтан Рахат қайтыс болды.
Пікір қалдыру