Мешітте жамағатпен бес уақыт намаз оқуға рұқсат беріледі

/image/2020/10/27/crop-22_184_825x1467_041049828900.jpg

Мешітте жамағатпен бес уақыт намаз оқуға рұқсат берілді. Бұл туралы muftyat.kz сайты хабарлады. 

26 қазанда премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті. Отырыс барысында комиссия мешіт жұмысына қатысты шешім қабылданған.

"Биыл 2 қарашадан бастап (жұма намазын қоспағанда) мешіттерде ұжымдық намаз (бес уақыт намаз) өткізуге рұқсат етілсін" делінген комиссия шешімінде.
 
Бірақ залда 100 адамнан артық кісі болмауы және 2 метр әлеуметтік арақашықтық, маска режимі қатаң санитарлық-дезинфекциялық режим сақталуы тиіс.
 
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешітке келуші жамағатты санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтауға шақырады, сонымен қатар карантин жағдайына байланысты қазірге жұма намазы оқылмайтынын хабарлады.
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар