Kaspi.kz-тегі жоғалған ақша қайтарыла ма?

/image/2020/10/28/crop-181_60_400x711_f3baa699ec9ae66e5a60e543514b9b4b.png

Каспий картамен төлем жасау, банкоматтардан ақша шешу, толтыру, төлемдер мен аударымдар уақытша қожетімсіз. Kaspi.kz қосымшасындағы техникалық ақауларға қатысты банк баспасөз хатшысы Ербол Азанбек жауап берді. 

Е.Азанбектің айтуынша, Kaspi.kz қосымшадағы техникалық ақауларды ретке келтіріп жатыр және клиенттердің ақшалары жеке шоттарында сақтаулы тұр.

28 қазан күні Kaspi.kz қосымшасында техникалық ақау туындады. Нәтижесінде клиенттердің шоттарындағы қаржы көлемін қате көрсетуде. Компания барлығын тез арада қалыпқа келтіру үшін жұмыс жасауда. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде мұның кибершабуыл екендігі туралы жалған ақпарат тарады. Ешқандай кибершабуыл болмағанын хабарлаймыз, клиенттердің қаражаты түгелдей өз қалпында және ақау ретке келтірілгеннен кейін қосымшада дұрыс көрсетіледі, – деді баспасөз хатшысы. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар