Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов коронавирусқа қарсы отандық ванцинаны алғашқылардың бірі болып салдырды. Бұл туралы ол журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты.
– 15 маусымда ДДСҰ біздің отандық вакцинамыз дұрыс деп оң көзқарастарын білдіргенде қуандық. Біріншіден, біз бұл вакциананың әр кезеңін қарап біліп отырғаннан кейін сенім пайда болды. Екіншіден, бұл біздің институттың, ғалымдарымыздың жұмысы. Мұның алдында сол институтта жұмыс істейтін ғалымдардың өздері алғаш болып екпені салдырды. Олар өздері дайындап шығарды. Олар салдырғаннан кейін әріптестерімнің анализдерін көрдім. Кейіннен менде сенім білдіріп, екпе салдыруға ұсыныс тастадым, – Асхат Аймағамбетов.
Министрдің айтуынша, коронавирусқа қарсы вакцина жабайы вируспен күресуге көмектеседі.
– Бізде қазір вакцинаға қарсы әртүрлі пікірлер қалыптасқан. Ең қарапайым мәселе біз әрқайсымыз далада жабайы вирустың штамын қағып алуымыз мүмкін. Сосын ауырамыз. Ал, мына жерде дайын штам. Бұл вакцина ішінде өте қарапайым ингредиенттер бар. Біріншіден өлтірілген вирус, екіншіден вирусқа көмектесетін арнайы зат бар. Бітті соны саламыз. Бұл вирусты денемізге салғанда біздің клеткаларымыз оны таниды. Кейін жабайы вирус келетін болса, онымен күресуді білетін болады. Осы тұрғыдан бізге вакцинаны салдыру тиімді және ол жабайы вирусқа қарсы тұрады. Вакцинаны салдыру әр адамның өзінің шешімі. Өзім жылда тұмауға қарсы вакцинаны салдырамын. Бірде-бір салдырмаған вакцина жоқ. Қай уақытта қай вакцинаны салдыру қажет мен міндетті түрде салғызамын және жақындарыма да сондай кеңес беремін. Менің ұстанымым осындай, – деп сөзін түйіндеді ол.
Пікір қалдыру