Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде қылмыстың өршуіне және түрме «тәртібінің» таралуына мүлде жол бермеу қажеттігін ескертті. Бұл туралы Ақорда сайты мәлімдеді.
– Елдегі күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайда қылмыстың өршуіне және түрме "тәртібінің" таралуына мүлде жол беруге болмайды. Ондағы жағдайдың аса мәз емес екені мәлім. Бас бостандығынан айырмай жазалауға қатысты түйткілдер бар. Министрлік қылмыстық-атқару жүйесіндегі мәселелерді шешу бойынша нәтижелі жұмыстар көрсетуі керек, – деді ол.
Президент тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, заңға сәйкес, азаматтарға және жалпы мемлекетке қауіп келтірмейтін қылмыс жасаған адамдарға амнистия жасалатынын жеткізді.
Сондай-ақ Тоқаев Үкіметке елордалық полиция департаментіне жаңа ғимарат салу мәселесін тапсырды.
Пікір қалдыру