Алматы маңындағы Байсерке ауылында орналасқан демалыс орнының иесі мен қызметкерлері жанжалдасып, оқ жарақатын алғаны хабарланды.
31 қазанда сағат 15:50-де Іле ауданының кезекші бөліміне "Поляна" демалыс орнында атыс болғаны туралы хабарлама түскен. Полицейлер оқиға орнына жеткенде сағат 15:00-ге қарай медицина маскасын таққан 15-20 адам демалыс орнына келгені және сол жерде мекеме иесімен 1980 жылы туған ер адаммен жанжалдасып қалғаны анықталады. Жанжалдасушылардың бірі оқ атқан.
Белгісіз адамдар оқиға орнынан сұр түсті Mercedes w140 және ақ түсті Mercedes көлігімен қашып кеткен.
"К.Н. Кузнецовтың ішіне оқ тиген (резеңке оқ), сондай-ақ демалыс орнының қызметкерлері 1980 жылы туған М.С. Слямовқа (сол аяғына), 1994 жылы туған Я.А. Помазковқа (оң аяғына) оқ тиген. М. Слямов және Я. Помазков Алматы қаласындағы № 4 ауруханаға жеткізілді.
Аталған дерек қылмыстық кодекстің 293-бабының ("Бұзақылық") 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Оқиға орнынан 2-9 мм, 2-5,45 мм болатын 4 оқсауыт, резеңке оқ табылды" деп хабарлады полиция қызметкерлері.
№4 аурухана бас дәрігерінің орынбасары Анарбек Монголдың айтуынша, 31 қазанда ауруханаға екі науқас келіп түсті. Диагноздары: оң жіліншігінің оқ жарақаты мен сол жақ жіліншігінің ашық оқ жарақаты. Сонымен қатар, сол жақ асықты жілігінің сынығы анықталған. 02.11.2020-дағы жағдай бойынша науқастардың жағдайы орташа ауыр, есін жинады, хаттама бойынша ем алып жатыр.
Пікір қалдыру