Владимир Чепель: Қазақша сұрасам, орысша жауап береді (видео)

/image/2020/11/03/crop-38_26_676x1202_snimok-ekrana-329.png

Алматы облысы Ақсу ауданы Қапал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Владимир Чепел қазақ тілінің мәртебесі туралы ойларын айтты.

Владимир Чепел мемлекеттік қызметкерлерді қазақша үйрету үшін ауылға жіберу керек деп есептейді.

Ол өзінің қазақ тілін кішкентай кезінен білетінін мәлімдеді.

– Өз ұлтым орыс болғандықтан, кішкентай кезімнен қазақ тілін үйренген болатынмын. Алматы қаласының бір-екі көшесінен өтіп бара жатып қарасам, елдің бәрі орысша сөйлейді, қазақтар да орысша сөйлейді. Былтыр желтоқсан айында Нұр-Сұлтан қаласына барып, бір дүкенге кірген кезде елдің бәрі орысша сөйлейді. Мен қазақша сұрақ қойсам, маған орысша жауап береді. Мен өзім ұяламын,– деді Владимир Чепел facebook парақшасында жарияланған видеода.

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар