Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 591 адам жұқтырған. 6 адам індеттен қайтыс болған.
"Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 5 608 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 340 бала бар. Стационарларда 2 646 науқас жатыр. 2 962 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 155 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 22 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 25 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген ресми сайт таратқан хабарламада.
Пікір қалдыру