Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалина мәлімдеді.
Өңір Қазақстандағы негізгі көліктік-транзиттік хабтардың бірі болып табылады, сондықтан көлік инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылады.
"Ақтөбе облысының айтарлықтай көлік әлеуеті бар. Бұл ретте жергілікті жолдардың қанағаттанарлықсыз жағдайы облыстың басты проблемаларының бірі болып қалуда.
Ағымдағы жылы 610 шақырым автокөлік жолын жөндеуге 40,4 млрд.теңге бөлініп, 545 шақырым жол ендігі жөнделіп қойды. Бұл жыл соңында дейін жай-күйі қанағаттанарлық автомобиль жолдарының үлесін 56,5% -дан 59% -ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта облыс аумағында бірнеше ірі жол жобалары іске асырылуда. Олардың қатарында "Ақтөбе-Орск" автокөлік жолын, Ақтөбе қаласының Оңтүстік айналма жолын қайта жаңарту, "Қобда-Мәртөк" автожолын күрделі жөндеу, "Шалқар-Бозой-Өзбекстан Республикасының шекарасы (Нүкіс)" және т.б көлік жолдарын орташа жөндеу бойынша ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр", - деп атап өтті спикер.
Өңірді қажетті көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету жұмысын 2021 жылы жалғастыруды жоспарлап отыр. Жалпы, келесі жылы кемінде 600 шақырым жол жөнделмек.
Пікір қалдыру