Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртановтың қамауға алынғаны хабарланған. Ол аса ірі көлемде ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істе күдікке ілінген.
Елжан Біртанов елде эпидемиологиялық жағдай өршіген тұста коронавирус жұқтырғандықтан жұмысын жалғастыра алмайтынын жеткізіп, отставкаға кеткен.
25 маусымда президент Қ.Тоқаев Елжан Біртановты қызметтен босатып, оның орнына Алексей Цойды тағайындаған.
Ал 2 тамызда экс-министрдің экс-орынбасары Олжас Әбішев "бюджет қаржысын жымқырды" деген күдікпен қамауға алынған.
Пікір қалдыру