«Туған жер» бағдарламасы – отансүйгіштіке тәрбиелеудің тиімді құралы

/image/2020/11/07/crop-55_20_503x671_072515934400.jpg

Өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу ұлт болашағы үшін жасалатын міндетті жұмыстардың бірі. Осы ретте, мемлекетке, туған жерге деген сүйіспеншілігін, құрметін өз ісімен көрсете білген патриот азаматтардың істері «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында жүзеге асырылып келеді. 

Кәсіпкер-меценаттардың қолдауымен аудан, қала мен ауылдарға қамқорлық жасалып, азаматтарды туған өлкесін дамытуға тарту арқылы әлеуметтік мәселелерді шешу бағытында нәтижелі жұмыстар жүргізілді.   Ақтөбе өңірінде 2017-2020 жж. аралығында «Туған жер» арнайы жобасы «Туған жерге тағзым» акциясы аясында жалпы құны 10,4 млрд. теңге тұратын 2 020 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. Акция аясында 461 меценаттың демеушілігімен 318 әлеуметтік-мәдени нысандар пайдалануға берілді.  

2020 жылы «Туған жерге тағзым» акциясы аясында жерлес-меценаттарының көмегімен барлығы 945 млн. 835 мың теңгеге 368 жоба жүзеге асырылды.

Оның ішіндегі ірі жобалар – Ақтөбе қаласында «Ер Едіге» қоғамдық қорының демеушілігімен жоба құны 40 млн. теңге тұратын Ер Едіге батырдың ескерткіші және жоба құны 120 млн. теңгені құрайтын Есет батыр Көкіұлының ескерткіші, жоба құны 7 млн. теңге тұратын «Тәуке хан» спорт алаңы ашылды.  qamshy.kz

Сонымен қатар, ауыл кәсіпкерлерінің де туған өлкесін көркейтсем деген игі тілекпен қолға алған бастамалары жүзеге асырылып, халық игілігіне жаратылуда. Аудандарда ауыл халқының тұрмыс-тіршілігіне қажетті көптеген әлеуметтік маңызды нысандар бой көтерді.

Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылында «Байғанин аудандық даму және қолдау қоры» ҚҚ-ның демеушілігімен 13 млн. теңгеге аудандық мәдениет үйіне көшпелі сахна барлық жабдығымен алынды.  qamshy.kz

Темір ауданы Шұбарқұдық ауылында ауыл кәсіпкерлерінің демеушілік көмегімен құны 10 млн теңгеге генерал-лейтенант Ж. Кереевтің ескерткіші орнатылса, өндірісті Хромтау ауданының «Қызылсу ауылында ЮжПромСнаб» ЖШС демеушілігімен мәдениет үйіне құны 15 млн. теңге қаржыға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жалпы алғанда, «Туған жер» арнайы жобасының ауқымы өте кең. Бүгін біз бұл жобаның Қазақстандағы патриотизмнің ұлғаюына, туған жерге деген сүйіспеншіліктің артуына, әсіресе жастардың Отанға деген махаббатын арттыруға үлес қосқанын көрдік. Шын мәніндегі бұл үлкен жұмыс өңірдің әлеуметтік-экономикалық тынысын кеңейтті деп айта аламыз.

Патриотизмнің нағыз өзегіне айналған «Туған жер» арнайы жобасының «Туған жерге тағзым» акциясы әлі де жалғасын табуда.

 

 

  Ақтөбе облысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басқару орталығы 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар