Нұрсұлтан Назарбаев қоры 850 мың адамға көмек көрсеткен. Бұл туралы қордың директоры Дариға Назарбаева "Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі" атты онлайн форумда айтты.
– Осы жолы форум бейнеконференция форматында өтуде. Ешбір техникалық прогресс жеке қауышып, қол алысып қарым-қатынас жасаудың баға жетпес мүмкіндігіне жетпейді. Барлығымыз бір-бірімізді сағынамыз және эпидемияны жеңіп, өміріміз бұрынғы қалпына қайта оралатынына сенімдіміз. Биылғы жыл еліміз үшін және әрбіреуіміз үшін үлкен сынақ жылы болды. Пандемияның қара бұлты адамдардың денсаулығына нұқсан келтіріп, өмірлерін қиып, әлемге қауіп-қатер төндірді,– деді ол онлайн форумның ашылуында.
Осы ретте Дариға Назарбаева пандемия кезінде жақындарынан айырылған адамдарға көңіл айтты.
Пікір қалдыру