Әзербайжан ресейлік тікұшақты атып құлатты (видео)

/image/2020/11/10/crop-153_65_297x445_191208564500.jpeg

9 қараша күні Ресейдің Ми-24 әскери тікұшағы Арменияда Ерасх елді мекенінің жанында апатқа ұшырады. Оған тасымалданатын зениттік зымыран кешенінен оқ атылған. Салдарынан тікұшақ құлап, экипаждың екі мүшесі қаза тапты, біреуі орташа ауыр жарақатпен эвакуацияланды. Бұл туралы РИА Новости сайты хабарлады.

Тікұшақ Армения аумағындағы Ресей 102-ші әскери базасының автотізбегіне жол бастап бара жатқан.

Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі, генерал-майор Игорь Конашенковтың айтуынша, Ми-24 Армения маңындағы әуе кеңістігінде ұрыс аймағынан тыс жерде атылған.

Желіде тікұшақ сынықтарының алғашқы суреттері, сондай-ақ құлаған сәтте түсірілген бейнежазбалар пайда болды. Суретті Армения төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратты.

Әзербайжан сыртқы істер министрлігі Әзербайжан әскері ресейлік тікұшақты атып түсіргенін мойындап, оқиғаның кездейсоқ болғанын хабарлады. Баку оқиға үшін кешірім сұрап, Ресейге өтемақы төлеуге дайын екенін мәлімдеді.

"Әзербайжан тарапы кездейсоқ сипаттағы және Ресей тарапына қарсы бағытталмаған осы қайғылы оқиғаға байланысты Ресей тарапынан кешірім сұрайды.

Әзербайжан тарапы қаза тапқан экипаж мүшелерінің отбасыларына шын жүректен көңіл айтады, сонымен қатар зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейді.

Әзірбайжан тарапы тиісті өтемақы төлеуге дайын екенін мәлімдейді" делінген СІМ хабарламасында.

9 қараша, 2020 жыл

9 қараша 2020 жыл

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар