Ал не болды, Пашинян? – Әзербайжан президенті мәлімдеме жасады (видео)

/image/2020/11/10/crop-11_6_377x669_d990e1fe-475b-4f20-8465-b47696c5c4fa.jpg

10 қарашаға қараған түні Ресей, Әзербайжан және Армения арасында Таулы Қарабахта соғысты тоқтату туралы мәлімдемеге қол қойылып, келісімшарт жасалған. Арменияның капитуляциясы туралы құжатқа қол қойылғаннан кейін Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев жеңіс туралы мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде Ильхам Әлиев қуанып, Пашинянға Таулы Қарабахтың Әзербайжандікі екенін тағы бір ескертті.

– Ал не болды, Пашинян? Сенің Қарабахқа қатысты статусың қайда? Тозаққа кетті статусың. Статус жоқ, мен президент болып тұрғанда болмайды да. Қарабах Әзербайжандікі, – деді Әзербайжан президенті.

Ал Армения премьер-министрі Никол Пашинян Еревандағы қарсылық шеруінен кейін өзінің отан алдында "таза" екенін айтты. 

Шеруге ешқандай қатысы жоқ адам үйге қайтсын. Маған сенетін және бізге сенетіндердің барлығынан жекпе-жекке дайындалуын сұраймын. Біздің адал әрекет еткенімізге бір секундқа да күмәнданбаңыздар.  Мен  барлық сұрақтарға жауап бере алатындай, Отан мен халық алдында таза боламын деп әрекет еттім, – деп жазды Пашинян facebook парақшасында.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар