Алматыда коронавируспен күрес жайлы фотосуреттер байқауы жарияланды

/image/2020/11/11/crop-82_17_396x527_201017150258290e.jpg

Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі мегаполистің барлық тұрғындары мен қонақтарын COVID-19 вирусына қарсы күрес шараларын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жобаға қатысуға шақырады.

Жобаның мақсаты - коронавирустың жаңа толқыны, респираторлық аурулардың өсу қаупі қарсаңында тұрғындарға санитарлық нормаларды, әсіресе маска режимін сақтаудың маңызы, пандемиямен күресте алдыңғы қатарда тұрған жандардың (медицина қызметкерлері, эпидемиологтар, полиция қызметкерлері, еріктілер және басқа) жұмысының құндылығы және олардың денсаулығы үшін жауапкершілік туралы еске салу.

«Кез келген адам қаланың коронавируспен күресіне деген көзқарасын білдіретін 5 фотосуретке дейін немесе басқа графикалық суреттерді (карикатура, иллюстрациялар) жібере алады. Жіберілген фотосуреттердің сапасы кемінде 300 dpi болуы керек» делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Жоба мына кезеңдерден тұрады:

– жобаға қатысуға өтінім (оған жұмыстарды жіберу, аты-жөні және байланыс деректері кіреді);

– жұмыстарды іріктеу, қаланың 8 ауданы аумағында фотоөнімдерді орналастыру;

– қорытынды шығару және үздік жұмыстардың авторларын марапаттау (байланыссыз форматта).

Беру форматтары:

– JPEG; – ең аз рұқсат етілгені 300 dpi;

– ең үлкен мөлшері 10 Мб артық емес.

Өтінім 25 қазанға дейін қабылданады. Жұмыстарды photovystavka@mail.ru электронды поштасына немесе Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің поштасына info@rsk.almaty.kz поштасына жолдау қажет.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар