Таулы Қарабақта түрік бітімгерлері болмайды. Бұл туралы Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости сайты.
Түркиядан келген бақылаушылар Әзербайжандағы қақтығыстан тыс аймақтағы бірлескен атыстың тоқтауын бақылау орталығына ғана қатысады.
Лавров Түркия парламентіндегі мәлімдемелерге қатысты ойын білдіріп, түрік бітімгерлерінің ресейліктер сияқты Лашын дәлізінде жұмыс істемейтінін, тек Әзербайжан аумағында орналасқан стационарлық, миссиясыз орталықтарда қызмет ететінін атап өтті.
Сәрсенбіде Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Анкара "бірлескен бітімгершілік миссиясына" қатысатынын айтқан болатын.
Пікір қалдыру