Арменияда Ұлттық қауіпсіздік қызметінің бұрынғы директоры Артур Ванецян премьер-министр Никол Пашинянға қастандық жасамақ болды деген күдікпен ұсталды. Ақпаратты Ваницянның адвокаты Лусин Саакян растаған. Бұл туралы ria.ru хабарлады.
– Ванецян Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу бөліміне шақырылып, "Қаруды заңсыз алуға, сатуға, сақтауға қатысу", "Билікті басып алуға дайындық", "Бір топ адам алдын-ала келісіп жасаған мемлекет, саяси немесе қоғам қайраткерін өлтіруге дайындық" баптары бойынша іс-әрекеттер жасады деген күдікпен ұсталды, – деп жазды адвокат Facebook-те.
Адвокат бұл оқиғаны саяси қудалау деп айыптап отыр.
ҰҚК-нің бұрынғы басшысы оппозициялық "Родина" партиясын басқарады және премьер-министрдің отставкаға кетуін талап ететін наразылық акцияларына қатысқан. Белгілі болғандай, бүгін оның ата-анасының үйінде тінту жұмыстары жүргізілген.
Ереванда бірнеше күннен бері оппозицияның наразылық акциялары өтіп жатыр, олар Пашинянның Қарабақта атысты тоқтату туралы келісімге қол қоюына байланысты отставкаға кетуін талап етуде.
Пікір қалдыру