Коронавирус жұқтырған Илон Масктың жағдайы орташа

/image/2020/11/15/crop-14_10_425x773__115505827_mediaitem115505311.jpg

Технологиялық кәсіпкер Илон Маск коронавирус жұқтырған болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Миллиардердің сөзінше, жағдайы орташа. Бірақ оның ауру жағдайы туралы әртүрлі зертханалар бір-біріне ұқсамаған нәтиже көрсеткен. Бұл туралы BBC жазды.

Пандемия алғаш басталған кезде, Маск коронавирустың қауіптілігін төмен бағалаған.

Tesla мен SpaceX компаниясының 49 жастағы басшысы твиттерде өзінің ауру белгілері туралы "сәл жоғары және төмен" дене қызуы барын, кәдімгі тұмау тиген сияқты сезінгенін, бірақ денесі ауыратынын жазған.

Жұма күні ол антигенді жылдам тестілеудің дұрыстығына күмәнданып, твиттерде "Өте жалған нәрсе болып жатыр. Бүгін төрт рет ковидке тест тапсырдым. Екі тест теріс, екеуі оң болып шықты. Сол аппарат, сол тест, сол медбике" деп жариялаған.

Қазіргі кезде АҚШ-та шамамен 10,9 миллион адам коронавирус жұқтырған. 245 мыңнан астам адам вирустан қайтыс болған, 67 мыңнан астам адам ауруханада жатыр.

АҚШ-тың 35 штатында көпшілік орындарда бетперде кию талап етіледі.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар