Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек көрсетеді

/image/2020/11/17/crop-133_50_400x533_8f8e5ca4-9c36-4d4c-a169-f700a7cc7440.jpeg

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметі коронавирус инфекцияcымен күрес аясында Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек көрсетеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қырғызстанға өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) мобильді аппараттарының 400 жиынтығы және Қазақстан кәсіпорындарында өндірілген 2 миллион медициналық маска жеткізіледі.

Шешім қырғыз тарапының халықты медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мақсатында ресми түрде жүгінуіне байланысты қабылданған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар