Жұмыссыздарға автоматты түрде әлеуметтік төлем тағайындалады - Нұрымбетов

/image/2020/11/17/crop-202_33_472x629_054605700200.jpeg

Жұмыс іздеп жүрген адам бос жұмыс орындарын электронды ақпараттық жүйе арқылы табады. Бұл туралы үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.

– Жұмыспен қамту саласында электронды еңбек биржасының мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану көзделеді. Бүгінгі таңда жұмыс іздеп жүрген адам жұмыспен қамту орталығына барып, кезекке тұрып, тиісті жұмыс таңдау үшін орталық қызметкерімен байланыс жасауға мәжбүр. Ендігі кезде барлық жұмыспен қамту шаралары, құралдары, бос жұмыс орындары электронды еңбек биржасында қалыптасады. Портал жұмыс іздеп жүрген адамға дағдыларына сәйкес автоматты түрде бос жұмыс орындарын, "Еңбек" бағдарламасы құралдарын ұсынатын болады. Шешімді ақпараттық жүйе қабылдайды, – деді министр.

Министр жұмыс табылмаған жағдайда ақпараттық жүйенің атқаратын қызметін де атап айтты.

– Жұмыс табылмаған жағдайда ақпараттық жүйе автоматты түрде адамды жұмыссыз ретінде тіркейді. Оған жұмыссыздыққа байланысты тиісті әлеуметтік төлемді проактивті түрде есептеп, тағайындайды. Осылайша бірнеше қызметті біріктіріп, бизнес процесін жеңілдетіп жатырмыз. Біз цифрлық жұмыспен қамту орталықтарына көшу жолындамыз, – деді Нұрымбетов.

Пікірлер тізімі 7

  • default avatar
    09:35, 22 қараша 2020

    сериккали

    жұмыссыз жатқанымызға 9 ай бір рет 63 000 берді содан кейін жоқ амандық болса 2 жылдан кейін пенсия қалай есептеледі осыны үкіметте есептеп отырган адам бар ма

  • default avatar
    20:01, 17 қараша 2020

    Килыбаев.кумархан.рыскановичь

    Жумысыз

  • default avatar
    16:03, 17 қараша 2020

    Тенри

    Құрылыста да Қой саласы секілді Құрылысшының Мәртебесін көтеретін Заңмен бекітілген жүйе болмай, өтірік жұмысқа орналастыру Шараларын жүргізгеннен тек Бюджеттішығынға ұшыратамыз, басқа ешқандай пайда жоқ. Құрылыс жұмыстарын беруші, Қой мен Жылқыны бақтыратын Қожалық басшысы, Арнайы Мемлекеттік Есепке алыеып, Қатаң бақылауда болғаны дұрыс Қоғам тарапынан.

  • default avatar
    15:57, 17 қараша 2020

    Тенри

    Қаптың аузын кеңірек ашсақ - Осы Қойшы мен Жылқышы мамандығы қте қауіпті, аурулар мен вирустарға толы зиянды деп есептеліп, Ерекше Еңбек Преференцияларын енгізсек. Мысалы Зейнетақы қорына ақшаны қойшы аудармай, оның қожайыны аударса. Яғни Қойшы 25 жыл Еңбек Өтілімі болса Зейнеткерлікке шығуға құқылы деп бекітсек. Оның көлемі айына Бір мың доллар деп бекітсек, Егер сол жұмысын жалғастырса. Ал егер басқа жұмысқа ауысып кетсе 500 доллар. 15 жыл Еңбек өтілімі болса, жұмысын ауыстырып кетсе, Зейнетақы 500 доллар.

  • default avatar
    15:47, 17 қараша 2020

    Тенри

    Ары қарай қаптың аузын аша берсек, мысалы қойшының айлығын Шаруа Қожалығының басшысы емес, облыстық Қой мен Жылқы министрлігінің арнайы бөлімі берсе, депозитарий ашып, Шаруа Қожалығының егесіне Субсидиямен қосып берсе. Яғни қой мен жылқыны өтірік бақтық деп есеп беруді тоқтатуға болар еді. Бюджетті жымқыру тыйылар еді. Шаоуа Қожалығының басшысы Министрлікке есеп бермесе, қойдың бағылмай өтірік кредит, немесе өтірік субсидия алғаны белгілі болады. Ал егер есеп беосе Қойгыға айлығы Банктегі есеп шотына түседі. Сол Қой Министрлігі, барлық әлеуметтік төлемдерді ұстап қалады. Сақтандыру, Табыс салығы басқа да төлемдерді қойшыны әбігерге салмай ұстап қалады.

  • default avatar
    15:32, 17 қараша 2020

    Тенри

    Барлығы бекер сияқты, Асатпай жатып құлдық - дегендей, Жұмыс түрлерінің Мәртебесін Тайға Таңба басқандай бекітпей тұрып өтірік жарнамаға жөн болсын. Қалай Жұмыстуралы айта салады ойыншық қылып, Егер Құрылысшылардың, Қойшылардың, Жылқышылардың осы күнге дейін Мәртебесі болмаса. Қанша Еңбек еткені үшін қанша Еңбек ақы төленуі керек екені белгісіз болса. Бір қойға, немес бір жылқыға бекітілген бір айлық минимум Заңмен көрсетілмесе. Мысалы бір қойға 1 мың теңге, Жылқыға 2 мың теңге деген сияқты

  • default avatar
    15:22, 17 қараша 2020

    Султанбеков

    учетта бармынба

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар