Лондон қуатты әскери дайындыққа көшті

/image/2020/11/19/crop-12_9_336x569_boris-johnson-armed-forces-uk-defence-1361834.jpeg

Ұлыбритания 16,5 миллиард фунт стерлинг қаржы бөліп, мемлекеттің қарулы күштерін қайта құрмақ. Бұл қырғи-қабақ соғыс аяқталғаннан бергі ең үлкен қаражат. Бұл жаңалық Қытай Лондонға "қателіктерін тез арада түзету" керектігін мәлімдеп, қатаң ескерту жасағаннан кейін жарияланды.

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон қырғи-қабақ соғыс аяқталғаннан бері қарулы күштерге салынған ең үлкен инвестицияның бір бөлігі ретінде британдық әскери зымыран бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік бермек.

Премьер-министр бейсенбідегі жалпы жиналыста сөйлеген сөзінде алдағы төрт жыл ішінде елдің қорғаныс бюджеті үшін қосымша 16,5 миллиард фунт стерлинг бөлуге уәде етті. Ақшаның бір бөлігі әскери ғарыштық аппараттардың дамуына және басқа заманауи қорғаныс технологиялары жобаларына, соның ішінде елдің бірінші ракетасын орбитаға шығаруды бақылау үшін жаңа ғарыштық жобаға жұмсалмақ. Депутаттарға жолдауының алдында ол сәрсенбіге қараған түні "Мен бұл шешімді пандемияның қиын кезеңінде қабылдадым, өйткені патшалықтың қорғанысы бірінші орында тұруы керек" деп мәлімдеген.

Ұлыбританияда тұратын үш миллионға жуық гонконктікке Лондон Ұлыбритания азаматтығына өту жолын ұсыну жоспарын растағаннан кейін Қытай Ұлыбританияға бірнеше рет қатаң ескерту жасаған.  Тіпті, 23 қазан күні Бейжің Лондонға "қателіктерін тез арада түзету" керектігін айтып, олай істемегенде "салдары болатынын" ескерткен.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар