Шымкент қаласының бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев карантин шараларын ұзарту туралы қаулы қабылдады.
Қаулыдан карантин шаралары 23 қарашаға дейін созылатыны жазылған.
Аталған қаулыға сәйкес қала тұрғындарына төмендегі талаптарды орындау міндеттеледі.
- адамдардың көп жиналуына байланысты кез келген іс-шараларды өткізуге тыйым салу (еске алу, туған күндер, мерейтойлар, шығарып салу, құдалық той, беташар);
- 65 жастан асқан адамдардың қалада жүруін шектеу;
- қалада жүргенде арнайы санитарлық талаптарды сақтау;
- қоғамдық орындарға, адамдар көп жиналатын объектілерге, қоғамдық көліктерге мінгенде маска режимін сақтау;
- үйлердің аулаларына және саябақтарға, алаңдарға, скверлерге, жағалауларға барып серуендегенде 3 адамнан аспайтын топтарға немесе бір отбасы мүшелеріне рұқсат ету.
Шымкент қаласының әкіміне, мемлекеттік органдарға, меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындарға, заңды тұлғаларға және кәсіпкерлік субъектілерге карантин уақытында келесі шараларды қамтамасыз ету қажеттігі айтылды.
- Жұмыс уақытын барынша қысқарту. Кеңсе қызметкерлерінің 50 пайызын қашықтан жұмыс жасауға көшіру;
- сауда орталықтарында, адам көп жиналатын орындарда күнделікті дизинфекциялық іс-шаралар өткізу;
- Халыққа қызмет көрсету орталықтарына арнайы қосымшалар арқылы онлайн кезек алу (жұмыс уақыты 09:00-ден 18:00-ге дейін);
- қоғамдық тамақтану орындарында адам санын 50-ден асырмау;
- Салтанатты, мерейтойлық, жиын іс-шараларды өткізуге тыйым салу.
Пікір қалдыру