Патриот Ғани Қасымов жоғарғы билікке қарай ауыспақ

/uploads/thumbnail/20170708193246123_small.jpg

Бүгін Астана қаласында Қазқстан Патриоттар партиясының кезектен тыс ХIV съезді өтті. Аталмыш сьездге партияның барлық аймақтардағы өкілдері қатысқан. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.

Биылғы жылғы сьезде Патриоттар партиясының жаңа төрағасын сайлау мәселесі талқыға салынды.

Ал партия төрағасы қызметін атқарып келген  Ғани Қасымов мырза, алдымыздағы өзекті мәселелерді шешу үшін партия құрылымына өзгерістер енгізу керек екенін айтқан.  Сондай-ақ, ол ендігі жерде Ұлттық палата жұмыстарымен қауырт екенін айтып, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін партиядан кететін мәлімдеген.

Сьезд барысында Патриоттар партиясының төрағалығына көпжылдардан бері партияның мүшесі болып келе жатқан Толымбек Габдилашимовтың кандидатурасы ұсынылып, партия сьезд делегаттары бір ауыздан оның кандидатурасын мақұлдаған.

Естеріңізде болса, осыған дейін «Қамшы» порталы «Қазақстан компартиясының» жабылғаны туралы мақала жариялаған болатын. Онда Қазақстандағы түрлі саяси партиялар күшінің әлсіреуі Қазақстандағы билеуші партияның іргесін кеңейтуге бағытталған астыртын жұмыстардың көрінісі емес пе деген болжам айтылған.

Елбасының өзі айтқандай бас партияның саяси ықпалын арттыру үшін екінші дивизиондағы партияларды президенттік партияға қосу науқаны басталып кеткендей.

Бұл президенттік партияның іріленуі – яғни, монополист партияның құрылуы, демократиялық құрылымның дамуына кері әсерін тигізбей ме? Ғани Қасымовтың партиядан кенет кетуінің астырында не жатыр?

Билік төңірегіндегі ұсақ партиялардың билеуші партияның құрамына кенет қосылуы – кезіндегі кеңестік партияның сұлбасын елестететіні белгілі. Демек, орталық партияның іріленуі – тоталитарлы жүйенің қайта орнайтынын білдірмей ме?

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар