Сара Назарбаева: Маған бәрі бумеранг болып ашылғанын көрдім (видео)

/image/2020/11/24/crop-19_8_270x360_578604.jpg

20 қараша күні Сара Назарбаеваның қатысуымен "Өзін-өзі тану: бала алдындағы миссия" халықаралық форумы өтті. 

Конференция пандемияға байланысты видеобайланыс түрінде өткен. 

– Адамның құндылығы неде? "Зияныңды тигізбе". Алдама. Ар-ұятыңа қарсы жүрме. Адамгершілік. Адам бол. Адам болыңыздар. Сіздер адам болуға міндеттісіздер. Біз болмашы нәрсенің соңынан қуып кетеміз. Сен өзіңнің кім екеніңді, нені қалайтыныңды білмей тұрып, ол нәрсені ұстай алмайсың. Намысты болып өмір сүру керек. Бір-біріңді сыйлап, құрметтеу керек. Ақылмен, еңбекпен жұмыс істеу керек. Ештеңе сатып алудың не сатудың керегі жоқ. Бұл қабыл болмайды, дұрыс болмайды. Керісінше, адамдарға уайым әкеледі. Болмайды, – деді Сара Назарбаева.

Оның айтуынша, тәрбиешілер мен мұғалімдер балаға тек классикалық білім беріп қана қоймай, рухани білімді де қатар беруі керек.

– Мен сізге шын жүректен айтамын. Маған бәрі бумеранг болып ашылғанын көрдім. Қазір барлығының жүрегі ашық. Біз энергия алмасамыз, сіз маған, мен сізге. Бұл кезде ешқайсыңыздың басыңызда жағымсыз ойлар болмайды. Біз қазір бір-бірімізге құрмет, білім, сүйіспеншілік көрсетудеміз. Сіздер – мұғалімсіздер, сіздерде өте мол жауапкершілік бар! Сіздер бір-біріңізді дәлелдеп, біріктіріп, көмектесулеріңіз керек. Біздің мақсатымыз – баланы дұрыс тәрбиелеу. Бала балабақшаға келгенде, тәрбиеші кішкентай періштені қамқорлықпен және сүйіспеншілікпен баурайды. Мектепке барғанда, мұғалімдер қарсы алады. Жоғары оқу орнына барғанда, сіз оған адами құндылықтарды үйретуіңіз керек. Өзіңізді өзгертуді бастаңыз, қателіктеріңізбен жұмыс жасаңыз. Сіз жақсылық жасауыңыз керек. Жақсылықты үйретіп, оны басқаларға беруіңіз керек. Өзіміз үшін, өзіміздің жанымыз үшін. Мен мұғалімдіктен, қарапайымнан бастадым. Сіз білім бересіз, ең бастысы – рухани білім беруіңіз керек. Классикалық білім мен рухани білім бөлек емес, бір бағытта бірге жүруі керек,  – деді ол.

Форум барысында Сара Алпысқызы "Айналайын" әнін аспаптың сүйемелдеуінсіз шырқады. 

– Алланың бәріңізге нұры жаусын! Алла бәрімізге жар болсын! Алла бәрімізге пана болсын! Әумин! – деп тілек тілеп форумды аяқтады Сара Алпысқызы. 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар