Қазақстанның тағы бір облысында карантин күшейтілді

/image/2020/11/26/crop-287_12_553x737_xn45x8tycpy0lxhg25o6_vxuei1vgv8qn9g5v02d8.jpg

Ақмола облысының бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина карантинді күшейтуге қатысты қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

"№57 қаулыға сәйкес жеке қорғаныш құралдарын қолдану және кәдеге жарату алгоритімі және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау қамтамасыз етілсін" делінген хабарламада.

Сондай-ақ облыстың елді мекендерінде жүріп-тұру сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін шектеледі.

Қаулыға сәйкес:

  • отбасылық іс-шаралар (үйлену тойы, банкет, мерейтой) және көпшілік жиналатын шараларды өткізуге, оның ішінде үйде өткізуге тыйым салынады;
  • 65 жастан асқан адамдарға аса қажеттілік болмаса үйден шықпауға кеңес беріледі;
  • әлеуметтік қашықтықты және жеке қорғаныш құралдарын қолдану ұсынылады;
  • жерлеу іс-шараларын өткізу кезінде кемінде 2 метр қашықтықты сақтау, 30 адамнан артық жиналмау керек;

Бас санитар дәрігер Көкшетау және Степногорск қалаларының карантиндік аймақтарына/аймақтарынан азаматтардың кіруіне және шығуына тыйым салды. 

Қаулының толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы танысыңыз

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар