"Құқығымыз бар". Шотландия тағы да Ұлыбританиядан бөліну туралы бастама көтерді

/image/2020/11/30/crop-20_10_565x1004_050127342000.jpg

Шотландияның премьер-министрі Никола Стерджен елдің Ұлыбританиядан бөліну ықтималдығы туралы тағы айтты. Бұл туралы radiosputnik.ria.ru сайты хабарлады. 

Никола Стердженнің айтуынша, Шотландияның тәуелсіздігі қазірдің өзінде "айқын көзқарас өрісінде" және ел "тәуелсіз елдердің қатарынан өз орнын алуға" дайын.

Шотландия халқы өз болашағын таңдауға құқылы. Енді барлық күш-жігерімізді өзіміз және болашақ ұрпақ үшін өмірді жақсартуға бағыттайық. Мен Шотландияның тәуелсіздікке жететініне дәл бұлай сенімді болған емеспін, – деді жергілікті үкімет басшысы.

Шотландия – Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі құрамындағы автономды мемлекет. 

Шотландияның тәуелсіздігі туралы бұған дейінгі дауыс беру 2014 жылдың 18 қыркүйегінде болған. Содан кейін референдумға қатысушылардың шамамен 55%-ы елді корольдікте қалуды жөн санады. Ал соңғы сауалнамаға сәйкес, шотландтардың көбісі тәуелсіздікті жақтаған. Алайда аймақтың болашағы туралы шешім коронавирус пандемиясына байланысты кейінге қалдырылды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар