Таулы Қарабақта соңғы 30 жылда бірінші рет миналарды ауқымды түрде тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ресей әскери инженерлері Қарабақтағы алғашқы қақтығыс кезінен сақталған, бірақ өлтіру қабілетін жоғалтпаған снарядтарды тапқан. Бұл туралы Әзербайжан Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасай отырып, ntv.ru сайты хабарлады.
"Орталық мамандары Шуша-Лисогорский жолының шамамен үш шақырымдық бөлігінде инженерлік барлау және жарылғыш заттарды тазарту жұмыстарын жүргізді. Тәулігіне 200-ден астам жарылғыш заттың күшін жойып жатыр. Таулы Қарабақта миналарды тазарту кезінде әскерилер барлығы 24 гектардан астам аумақты, сегіз шақырымнан астам жолды тазартып, 750 жарылғыш затты тауып, күшін жойды" делінген министрліктің хабарламасында.
Қорғаныс министрлігі жарылғыш заттарды IMP-S2 мина детекторлары және INVU-3M сияқты заманауи құралдарымен табатынын баса айтты. Таулы ауылдарда, жолдардың бойында, беткейлерде, зираттардан бұрыннан жоғалған миналар, снарядтар, карталар табылған.
Бұған дейін Қарабақ қақтығысының аяқталғаны туралы хабарланған. Армения премьер-министрі Никол Пашинян Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және Ресей президенті Владимир Путин Таулы Қарабақта әскери әрекеттерді тоқтату туралы келісімге қол қойды. Келісімге сәйкес, Ресейдің бітімгерлік күштері Таулы Қарабаққа кіргізілген. Осылайша үш елдің арасында болған келісім бойынша 3 аудан (Лачин, Агдам, Кельбаджар) Әзербайжанға қайтарылып, басқыншы әскер аймақтан шығарылады. Бұл келісімнен кейін Армения астанасы Ереванда премьер-министрге қарсы митингтер өтіп, содан бері халық Пашинянның отставкаға кетуін талап етіп келеді.
Әзербайжан президенті Ильхам Алиев бұл құжаттың Әзербайжанға тиімді екенін айтқан. Оның айтуынша, қазір әскери кезең аяқталды және саяси мәселелерге көшуге болады.
Пікір қалдыру