Баланы қатігездікпен өлтірген солдат: Қытай жалған ақпарат таратты

/image/2020/11/30/crop-119_6_414x552__115695242_tweet.jpg

Қытайдың мемлекеттік Twitter аккаунтында Аустралия солдаты ауған баласын өлтіріп жатқан фото жарияланды. Аустралия Қытайдан жалған фотоны жариялаған үшін кешірім сұрауды талап етті.

Аустралияның премьер-министрі Скотт Моррисон телеарнаға берген сұхбатында Бейжің жалған ақпарат таратқаны үшін ұялу керек екенін айтты.   

Скотт Моррисон

Скотт Моррисон

Қарашаның басында 2009 бен 2013 жылдар аралығында 25 аустралиялық солдат 39 ауған азаматын өлтіргені анықталған. Бұл ақпарат халық арасында таралып, халықтың ашуын келтірді. Қазір істің мән-жайын полиция тексеріп жатыр.  

Дүйсенбіде Қытайдың сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Лижиан Зао жасанды фотоны жариялады. Онда Аустралия солдаты қанға боялған пышақпен баланы ұстап тұр. Бала лақты құшақтап тұр.

Аустралияның радио корпорациясы аустралиялық әскерилер екі ауған жасөспірімді пышақпен өлтіргені туралы ақпарат тек болжамға негізделген дәлелденбеген ақпарат екенін жеткізді.

Қытай таратқан фотоның астына "Аустралия сарбазының ауған азаматын өлтіріп жатқанын көріп жағамызды ұстадық. Олардың бұл әрекетін әшкерелеп, жауапқа тартуымыз қажет" деп жазылған.

Аустралия премьер-министрі Моррисон Қытайдың әлеуметтік желіде жариялаған  жазбасын "жиіркенішті, намысқа тиетін және ерсі"  екенін айтып, Twitter-ден жазбаны өшіруді талап етті.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар