28 қараша, сенбі күні АҚШ-тың президент сайлауында жеңіске жеткен демократ Джо Байден итпен серуендеп жүрген кезде аяғын сындырып алған. Кейінірек оның ауруханадан шыққан сәттегі видеосы тарады. Кадрларды NBC фотографы түсірген. Оларды Ақ үйде болған телеарна тілшісі Келли О'Доннелл Twitter-де жариялады.
NBC қызметкері саясаткердің Делавэрдегі ортопедиялық бөлімшеден бірнеше адамның демеуімен шыққанын түсірген. Байден ешкімнің көмегін пайдаланбай біркелкі жүреді. Видеоның соңында ол көлікке отырады.
Басылым мәліметінше бұрын компьютерлік томография Байденнің екі аяғының сынғанын растады. Оған "аяқтың бүйір және ортаңғы сына тәрізді сүйектерінің филиформалық сынуы" диагнозы қойылған. Бірнеше апта бойы саясаткер арнайы аяқ киіммен жүруге мәжбүр болады. АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп оған тезірек сауығуды тіледі.
NEW: @nbcnews photographer captures @JoeBiden leaving orthopedic office in Delaware where the president-elect was just treated for what his doctor called a sprained right ankle from a fall Saturday. pic.twitter.com/mTYee0BMur
— Kelly O'Donnell (@KellyO) November 29, 2020
Пікір қалдыру