Қытай басшысы әскерлерді шиеленіс өршіп тұрған кезде соғысқа дайындалуға шақырады. Си Цзиньпин Қытай халықтық-азаттық армиясының генералдарына олардың қолбасшылығындағы екі миллион жасақтың жеке құрамы нақты ұрыс жағдайына дайындықтан өтуі керектігін айтты.
Ол Бейжіңдегі Қытайдың орталық әскери комиссиясына барған кезде оларға "қиындықтан қорықпаңдар", "өлімнен қорықпаңдар" және "соғысқа дайын болыңдар" деп бұйырды.
Бұған дейін Вашингтон әскери күштерінің еліктемелі құрлықаралық баллистикалық зымыранды атып түсіріп, Бейжіңге нақты ескерту жасағаны хабарланған.
Дэйли Мейл басылымының ақпаратына сәйкес, Ол армияны "қиындыққа төзуге, миссияның жауапкершілігін күшейтуге, әскери дайындықтың өзгеруі мен жаңаруын тездетуге" шақырды.
Қатерлі үндеу Бейжіңнің АҚШ, Тайвань, Оңтүстік Қытай теңізіндегі қарсыластарымен және Гималайдағы даулы шекарадағы шиеленісі күшейген кезде айтылды.
Бейжіңдік әскери сарапшы Чжоу Чэнмингтің сөзіне қарағанда, қытай басшысының сөзі әскери күштерді танктермен, авиациямен және әскери кемелермен бірге жоғары технологиялық қару-жарақ пен жабдықтармен таныстыру үшін айтылған.
Пікір қалдыру