Назарбаев: Мен ешқашан сатқындықты кешірмеймін

/image/2020/11/30/crop-1_-1_264x470_3068675.jpg

Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында Нұрсұлтан Назарбаев туралы деректі фильмнің жаңа тизерін жариялады.

– Бір адамға сеніп, жанына 100 пайыз жақындағанда, сыртыңнан таспен ұрғаны жиіркендіреді. Мен ешқашан сатқындықты кешірмеймін. Мен тіпті туыстарыма да қатал болдым, – дейді ол фильм үзіндісінде.

Бұған дейін елбасының баспасөз қызметі "Портретке штрихтар" деректі фильмінің жарық көретінін хабарлады. Фильм Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметі жайлы түсірілген. Сондай-ақ фильмде оның көпшілік біле бермейтін қыры ашып көрсетіледі.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар