Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
Сайт мәліметінше, министр Тоқаевқа сыртқы істер министрлігінің осы жылдың басынан бері атқарған жұмысының негізгі қорытындылары туралы ақпарат берді. Соның ішінде, өзге елдермен екіжақты ынтымақтастық бойынша және халықаралық ұйымдар аясында өткізілген халықаралық іс-шаралар туралы хабарлады.
"Сонымен қатар кездесу барысында Қазақстан президентінің қатысуымен алдағы уақытта өтетін сыртқы саяси іс-шаралар кестесі пысықталып, өңірлік күн тәртібіндегі мәселелері талқыланды.
Кездесу соңында мемлекет басшысы сыртқы істер министріне еліміздің стратегиялық әріптестерімен екіжақты іс-қимылдарды дамыту бойынша бірқатар нақты тапсырма берді" делінген хабарламада.
Пікір қалдыру