Белгілі журналист және саясаткер Ермұрат Бапи айтыскер ақын Ринат Заитовтың "Азаматтық пікір" бағдарламасының қонағы болып журналист Оңғар Қабденнің "ЖСДП партиясы сатылды ма?" деген сұрағына жауап берді.
Ермұрат Бапи бұл сұраққа 2019 жылдың қыркүйегінен бері жауап беріп келе жатқанын, бұл бағдарламадан соң осы тақырып туралы айтпайтынын мәлімдеді.
– Негізінде ЖСДП сатылған жоқ. Мен ол партияны өткен жылы сәуір айында қабылдап алған кезде Жармахан Тұяқбай партияға қарыз болды. Мен осы жерде бірінші рет айтайын Жармахан Тұяқбай партия үшін өз туысынан қарыз алған. Партияның әлдебір шығындарын жабуға. Оны бере алмай келді.Партия менің қолыма өткенде сол туысқаны келіп "ақша қайда?" дейді ғой. Ол 200 мың доллар қарыз болған. Сол қарызды мен мойныма алдым. Мен өзі партияның сол кездегі әріптестері Әкежан Қажыгелдин мен Бергей Рысқалиев, басқа азаматтар бар, ішінде Серікжан Мәмбеталин бар бәрімен ақылдастым. Олар айтты "200 мың табамыз, партияны ал" деп. Жармахан партияны тек қана маған беремін деген. Бұл мен керемет болғаннан емес, "тазасың, адалсың" деген соң. Кейін партия ресми маған өтті, қарызы да маған өтті. Мен жаңағы туысқанына қолхат жазып бердім, партия ары қарай жұмыс істеп кетті. 100 мың қарыз қайтарылды. Қалғанын әріптес Бергей Рысқалиев созбақтап жүріп алды. Одан съезд келді, төңкеріс болды. Мені партиядан шығарып тастады. Төңкерістің бір жағы Бергей мен Кәрім Мәсімовтың арасындағы арсыз ымыра. Халықтың мүддесін сатып кеткен ымыра,- дейді саясаткер.
Сұқбаттың толық нұсқасын төмендегі видеодан көре аласыз↓
Пікір қалдыру