Алматыда «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты халықаралық конференция өтіп жатыр

/image/2020/12/07/crop-78_-50_494x658_201130113639436a3724652i.jpg

Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы күніне арналған «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты халықаралық онлайн басталды.

Жиынға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ж.Түймебаев, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Елбасымен жеке кездескен республикалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен жастары, зиялы және шығармашылық қауым өкілдері, республикалық БАҚ бас редакторлары қатысып жатыр.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің зайырлы мемлекеттің негізін қалап, болашағын қалыптастырудағы тарихи рөлін айшықтау, елдегі бейбітшілік пен қоғамдық келісімді сақтау саясатын насихаттау, азаматтық, патриоттық құндылықтарды дәріптеу.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – барша қазақстандықтар үшін ерекше мереке.Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанды құрып, дамытудағы қайраткерлік тұлғасы мен тарихи миссиясын паш етеді. Қазақстанның Тәуелсіз, зайырлы отыз жылдық жаңаша тарихының әрбір кезеңінде Ұлт Көшбасшысының саяси қолтаңбасы айқын көрінеді.Елбасы Қазақстан халқын бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолына жұмылдырып, елімізді ұлтаралық келісім мен бірліктің мекені ретінде әлемге танытты», - деді. Ж. Түймебаев.

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар