Медеу ауданында 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күні қарсаңында саябақ ашылды. Мендеелев көшесі бойында пайда болған демалыс орнын халық асыға күткен
Өйткені бұл аумақ осыған дейін қаңырап бос жатқан еді. Жоба "Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында" жүзеге асты. Жалпы жөндеуге шамамен 60 миллион теңге қаржы жұмсалды. Ал 35 адам уақытша еңбекпен қамтылған. Саябақта жарықшамдар, балалар ойын алаңын және воркаут аумағы жасалыпты.
«Бас қосқан жері, әңгімелесетін орны, міне, салауатты өмір салты деп осыны айтпаймыз ба?! Басқа бір нәрселермен айналыспайды. Жат жерлерге бармайды. Міне, осындай халқымыздың игілігі үшін беріліп жатқан орын», – деді Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Қазақбай Қасымов.
Пікір қалдыру