Қытай соғыс кемелері оқ жаудырды, АҚШ кемелері даулы суларға кірді – Қытай әскери телеарнасы

/image/2020/12/10/crop-12_9_582x1261_044025904400.jpg

Қытай әскери телеарнасы АҚШ соғыс кемелері Оңтүстік Қытай теңізіне кіргенін хабарласа, "АҚШ кемелері даулы суларға кірген кезде Бейжің соғыс кемелері оқ жаудырды" деп жазды The US Posts басылымы.

Шығыс Азиядағы ашық соғыстың қаупі күшейе түсті. АҚШ әскери-теңіз кемелері даулы Оңтүстік Қытай теңізіне кірген кезде қытай әскери кемелері атыс жаттығуын өткізді.

АҚШ соғыс кемелері "USS Makin Island" және "USS Somerset" Оңтүстік Қытай теңізіндегі қарулы аймаққа кірді.

"Қытай әскери кемелері көп ұзамай алыс қашықтықтағы қаруды қолдана отырып, атыс жаттығуларын өткізді" деп хабарлады "js7tv" деп аталатын Бейжің әскери бөліміне қарасты жаңалықтар сайты.

Операцияға Қытай флотындағы "056А" типті корветтер қатысты.

"Js7tv" телеарнасының репортажында қытайлық жаттығуда еліктемелі жау кемесін жою және зымырандарды ұстау сынақтары болған.

Іс-шара кезінде қытай әскери кемелерінің шын оқ-дәрі атқаны бейнеленген видеороликтер де жарияланды.

Қытайлық коммунистік партияның Global Times газеті америкалықтардың соңғы әрекеттерін "бұлшық еттерін ойнату" деп айыптап, "Ақ үйде кім отырса да, Оңтүстік Қытай теңізі мен Тайвань бұғазында АҚШ-қа қарсы тұруға дайын болуы керек" деп жазған.

Ал Newsweek-тің хабарлауынша, АҚШ тыңшылық ұшақтары даулы аумақтың үстінен ұшып өткені туралы хабарланған.

Қазіргі уақытта АҚШ қорғаныс министрінің міндетін атқарушы Кристофер Миллер Азияға сапар шегуде.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар