Қазақстанда 14 желтоқсаннан бастап қатаң карантин енгізіле ме?

/image/2020/12/10/crop-11_8_1052x1482_mycollages-35.jpg

Желіде 14 желтоқсаннан бастап карантин енгізіліп, блокбекеттер қойылатыны туралы ақпарат тарап жатыр. Хабарлама үкіметтен облыс әкімдеріне жолданған құжаттың фотосуреті түрінде ұсынылған. ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды.

"Бұл хабарлама шындыққа жанаспайды, құжаттың фотосуреті – фейк. Қазақстанның аймақтары мен қалаларында блокбекеттер орнатып, 14 желтоқсаннан бастап қозғалысты шектей отырып, қатаң локдаун енгізу жоспарда жоқ. Қазақстандықтарды ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз" делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар