Тоқаев есеп комитетінің төрағасына тапсырма берді

/image/2020/12/10/crop-434_220_1403x1871_f9ab30d026f2f1659a2e12b45e7f075a.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады. Бұл туралы Ақорда сайты мәлімдеді.

Ресми сайтты хабарлауынша, ол Тоқаевқа республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің жыл басынан бері атқарған жұмыстарының негізгі нәтижелері туралы есеп берді. 

Есеп комитетінің төрағасы президентке жалпы сипаттағы трансферттерді қалыптастыру мәселесі бойынша ұлттық экономика министрлігінде жүргізілген тексерудің қорытындылары жөнінде баяндады.

Сондай-ақ кездесу барысында бюджетаралық қатынастар және өңірлік дамудың өзекті проблемалары талқыланды. Мемлекет басшысы аталған мәселені реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысында қарауға енгізуді тапсырды.

Кездесу соңында президент Наталья Годуноваға бірқатар нақты тапсырма берді. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар